Социум

Талибан қарулы полициясы қыздарды оқытпас үшін университеттерді патрульдеуге көшті

Талибандықтар жуырда әйелдердің жоғары оқу орындарына келуіне тыйым салды

Ауғанстанда Талибан күштері университеттердің жанында қарулы патрульдер қойды. Ондағы мақсат –  студент қыздарды оқуға жібермеу, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Еуроньюске сілтеме жасап.

Елдегі билікті күшпен басып алған талибандықтар (Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған – ред.) жуырда әйелдердің жоғары оқу орындарына келуіне тыйым салды. Бұған дейін қыркүйек айында қыз балалардың мектепте орта сыныпқа баруына шектеу қойған еді. Білім алудан қағылған студенттер оқу орындарының маңында толып жүр және олар бір-бірімен жылап қоштасуға көшкен.

«Талибан толығымен әйелдерді басуға бағытталған. Олар әйелдердің елдің дамуына қатысып, ер адамдардың жанында жұмыс істегенін қаламайды. Әйелдер тек үйде отырып, бала табуы керек деп санайды және біздің басқа іске араласып, жұмыс істегенімізді қаламайды», — деді Кабул университетінің студенті Сетара Фарахманд.

Наразылық ретінде профессорлар жұмыстан шығып, көптеген студент жігіттер де оқуды тастап кетті.

Ал бір күн бұрын Талибан билігі мұғалімдер мен бастауыш сынып оқушыларын мектепке жібермеуге бұйрық берген. Халықаралық сарапшылар талибандардың теріс шешімдері халықтың әлемді танып-білу мүмкіндіктерін шектейді деп бағалады. Бұған дейін БҰҰ сарапшылары Талибанның Ауғанстандағы әйелдер құқығына қатыты әрекеттерін адамзатқа қарсы қылмыспен теңестірілуі мүмкін екені ескерткен.

Другие новости

Back to top button