Социум

Талибан ауған әйелдеріне БҰҰ мекемелерінде жұмыс істеуге тыйым салды

Тәліптер БҰҰ мекемелерінде жұмыс істейтін ауған әйелдеріне Ауғанстан аумағында жұмыс істеуге тыйым салды. БҰҰ өкілдері мән-жайды анықтау үшін Кабулда билік өкілдерімен кездеспекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Талибан» радикалды ислам қозғалысы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) жұмыс істейтін ауған әйелдеріне жұмыс істеуге тыйым салды.

«Әртүрлі арналар бізге бұл тыйымның бүкіл ел аумағына қатысты екенін хабарлады», — деді БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Дюжаррик бұл тыйымды «қисынсыз әрі ақылға қонымсыз» деп атады, айтуынша, бұл гуманитарлық ұйымдардың мұқтаж жандарға көмек көрсету қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Бұған дейін БҰҰ-да ауған әйелдерінің жұмысына тыйым салу тек шығыс Нангархар провинциясына қатысты деп хабарланған болатын.

БҰҰ өкілдері жағдайға қанығу үшін сәрсенбіде Кабулда билікпен кездесуге ниетті.

2022 жылдың желтоқсанында Талибан әйелдерге үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеуге тыйым салған болатын. Жаппай халықаралық наразылықтан кейін тыйым денсаулық сақтау саласында жеңілдетілді.

Бірақ бұған дейін аталған шектеу БҰҰ агенттіктеріне қолданылған жоқ.

2021 жылдың тамызында билікке келген Талибан Ауғанстандағы әйелдерге бірқатар кемсітетін шектеулер енгізді.

Сонымен қатар, музыка, әлеуметтік желілер және бейнеойындар заңсыз деп танылды.

Другие новости

Back to top button