Алматинская областьГлавное

Талғардағы үйдің өрті: оқыс жағдай болмағаны анықталды

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Полат отбасының үйіндегі өртке қатсты тың мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз сондай-ақ отбасы тұрған өрттің шығу себебін белсенді тергеу жүргізіп жатырмыз. 600-ден астам адам сұралды», — дейді ол.

Берік Адамов атағандай, үйдің шығыны анықталып жатыр.

«Мамандар өрттің оқыс жағдай болмағанын, өрт үйдің сыртынан бөгде от көзінен болғаны жайлы алдын ала қорытынды шығарылды. Оқиға орнынан табылған канистр мен өзге заттар сараптамаға берілді. Шығын көлемі анықталып жатыр», — деді Адамов.

Брифинг барысында анықталғандай, өртке қатысты күдіктілер әлі анықталмады.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Другие новости

Back to top button