Госорганы

Талғардағы трагедиядан кейін Әленовтің лауазымы қалай көтеріліп кетті – сұрақ министрге қойылды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен Алматы облысының полиция департаментін басқарған Бауыржан Әленовтың Талғардағы трагедиядан кейін қызметі қалай өскені сұралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сәденов Әленовті тағайындау шешімі алдын-ала қабылданғанын мойындайды, өйткені министрлікте кадрлық резерв бар. Алайда қол астындағы шенеунікті ол тәжірибелі офицер ретінде сипаттады.

– Бізде кадрлық резерв ұғымы бар, сондықтан бір қылмыс бойынша қызметіне баға беруге болмайды. Оны осы қызметке ұсыну шешімі бұрын қабылданған. Жалпы ол бұл қылмыстың бетініің толық ашылғануына жауапты болды, — деді ІІМ басшысы.

Ол тергеуді тергеуші жүргізіп жатқанын және Әленов бүкіл жағдайды білетінін түсіндірді.

– Қазір менің бақылауымдағы жедел-тергеу тобы құрылды. Менің де жетекшілік ететін орынбасарларым бар, яғни барлығы толық бақылауда, — деді Сәденов.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады.

Другие новости

Back to top button