Алматинская область
Талғарда жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ өтпейтін болды
Алматы облысының Талғар ауданында 4 балдық жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Талғар ауданының білім бөлімі мәлімдеді.
«Бүгінгі жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымында сабақ болмайды, оқушылар қашықтан оқиды», — деді білім бөліміндегілер.
Ал балабақшалар штатты режимде жұмыс істеп тұр, бірақ ата-аналар қаласа балаларын үйіне алып кете алады.
Естеріңізге салайық, 5 қарашада жергілікті уақытпен сағат 10:00-де Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Алматы тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезсе, Талғар мен Есік қалаларында 4 балға жеткен. Ал басқа ауылдарда 2-3 балл сезілді.