Выбор редакцииЖетысуская область

Талдықорғанда сот бес жасар қызын өлтірген әйелді 15 жылға соттады

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты бес жасар қызын өлтірген анасы мен оның серігіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қыздың денесі мамыр айында Сарқанд маңындағы кірпіш зауытының жанындағы полигоннан табылған. Көп ұзамай полицейлер марқұмның 19 жастағы анасын ұстады, ол қыздың ақпан айында аурудан қайтыс болғанын айтқан. Әйелдің айтуынша, қыз бала церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем.

Соттың дерегінше, сотталушылар Сарқан қаласының сыртында орналасқан кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыс төгетін орынға келіп А-мен қарындасы М-ның  алдына ала сөз байласу арқылы, жас баланы өлтіру мақсатында,  еш қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жатқан жас баланы қылқындырып өлтірген, содан соң баланың мәйітін жасырып екеуі оқиға орнынан таса болған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәларын толық мойындауына және сотталушы М-ның қарауында жас баланың болуына байланысты ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы баптың негізінде 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып  Соттың үкімі бойынша М. және ағасы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға осы баптың негізінде 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button