Алматинская область
Талдықорғанда құрылысы аяқталмаған ғимараттан қыздың денесі табылды
25 тамыз күні кешке Талдықорған қаласында «Восточный» ықшамауданының шетінде, құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жанынан 23 жастағы жергілікті тұрғын қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталының сайтында хабарланғандай, болжам бойынша бойжеткен биіктен секіріп, өзіне қол жұмсаған.
Қыздың өзіне қол жұмсауына итермелеген мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр. Іс жүзінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабында («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген хабарламада.