Жетысуская область

Талдықорғанда жасөспірім қызды көлікте зорлаған: күдікті ұсталды

 Талдықорғанда жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны туралы арыз 29 тамызда Талдықорған полициясына түскен.
«Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) және 121-бабының 3-1-бөлігі (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс тіркелді», — делінген хабарламада.
Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Зорлық Тоyota Camry автокөлігінің салонында жасалғаны анықталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.
Күдікті ретінде полиция қызметкерлері 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Другие новости

Back to top button