Главное

Талдықорғанда ер адам әйелді қонақүйде 12 жерінен пышақтап, өртеп кеткен

Талдықорған қаласының орталығындағы қонақүй бөлмесінен 43 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, қаскөй әйелді бірнеше жерінен пышақтап, қылмыстың ізін жасыру үшін бөлмеге әдейі от қойған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Информбюро31 мәліметінше, қылмыс таңғы сағат төрттер шамасында тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, сол уақытта қонақүйдің төменгі қабатынан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қонақтарды эвакуациялап, қызыл жалынды ауыздықтаған. Кейін олар бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапты. Сараптама марқұмның денесінде 12 пышақ жарақаты барын растады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде 23 жастағы жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін толық мойындаған. Алайда, оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

– «Адам өлтіру» фактісі бойынша қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ретінде 23 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, дейді Жетісу облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Дәурен Сәкенов.

Другие новости

Back to top button