Социум

«Тағзым» мемориалы жастардың рухын көтеріп, патриоттығын оятады – Досым Сүлеев

Ол мемориал арқылы жастар маңызды оқиғаны еске алып тұратынын айтты

Академик, ғалым Досым Сүлеев Алматыда ашылған «Тағзым» мемориалдық кешенінің  орнатылуының маңызын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

«Тағзым» мемориалдың кешенінің ашылуы тарихта қалатын орны зор оқиға деп ойлаймын. Қазағымыз бір тіріліп, бір өлген деп айтуымыз бос емес. Енді бұл мемориал келер ұрпақтың есіне еліміздің тарихында болған маңызды оқиғаны салып түрады», — деді Досым Сүлеев.

Оның айтуынша, Республика алаңының бір шетінде бостандық монументінің жанында  «Тағзым» мемориалы орнатылған.

«Бұл мемориалдың рөлі – өте зор. Себебі жастардың рухын, сана сезімін, патриоттық сезімін көтеретін маңызы, миссиясы бар. Президент те бұл оқиға біздің елімізді біріктіріп, жұмылдырғанын айтты. Енді барлығымыз бірігіп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, әділетті Қазақстанға жол салуымыз керек. Қазақстанның өркендеп, өсуіне бірлесе атсалысуымыз керек. Экономика мен мәдениетті өркендетіп, әлемге танымал елге айналдыруымыз керек», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button