Госорганы

«Тағы 43 млрд теңге қажет»: Дүйсенова жәрдемақыларды арттыру жайлы

Мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысын 14,5 пайызға арттыру көзделіп отыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында жәрдемақыларға қосымша 43 млрд теңге керегін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Жыл басында мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері 8,5% — ға арттырылды. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп, мүгедектігі бар азаматтарға, оларға күтім жасайтын тұлғаларға және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін тағы 14,5% — ға арттыру мәселесін пысықтап, есеп-қисабын жасап жатырмыз. Қосымша қажеттілік 43 миллиард теңгеден асады», — деді ол.

Сондай-ақ, министрлік ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін әзірлеу жұмыстарын жалғастыруда.

«Ең төменгі жалақы мөлшері медиандық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады. Бұл тәсіл жұмыскелердің кірістері мен өндірілетін тауарлардың, қызметтер мен жұмыстардың көлемі арасында нақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бүгінде Әдістеме мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен келісіліп жатыр. Биылғы 1 шілдеге дейін Әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Другие новости

Back to top button