Госорганы

Түркістан облысында жылқыларын қараусыз жіберген тұрғындар жауапқа тартылды — 27 бас жылқы анықталды

Түркістан облысында полиция абаттандырылған аумақтардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында бақылауды күшейтті. Ордабасы ауданында жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көше бойында қараусыз жүрген 27 бас жылқыны анықтады.

Камера жазбасынан жылқылардың егілген гүлдер мен көгалдарды таптап, абаттандырылған аймаққа зиян тигізгені көрінді. Полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, төрт түлікті арнайы мал қамайтын орынға айдап апарды, тексеру нәтижесінде иелері анықталып, әрқайсысына әкімшілік шара қолданылды.

Полиция тұрғындарға малды қараусыз жібермеу керектігін ескертеді: иесіз жүрген мал жол-көлік оқиғаларына себеп болуы және қоғамдық орындарға зиян келтіруі мүмкін. Заң алдында жауапкершілік бар екені және малды ұстау мен күту міндеті туралы хабарланды.

gov.kz

Другие новости

Back to top button