Госорганы
Түркістан облысында белгіленбеген жерге қоқыс тастаған 80 тұрғын жауапқа тартылды
Түркістан облысында бір апта ішінде жүргізілген рейдтер барысында белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдық тастаған 80 тұрғын анықталды. Аталмыш факт бойынша азаматтарға заң талаптарына сай әкімшілік шара қолданылды.
Мысалы, Кентау қаласында бір тұрғын үйінен шығарған тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген аумаққа тастағаны тіркелген. Бұл дерек бойынша азамат заң аясында жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер өңірде тазалық талаптарының сақталуын бақылауды күшейтіп, қоршаған ортаны ластау деректерінің алдын алу жұмыстарының шараларын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастауға және қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.



