Алматы

Сыртқа шықпақ болған: Алматыда мас бойжеткен жоғары қабаттан құлап кете жаздады (ВИДЕО)

Алматы қаласында мас бойжеткен жоғары қабаттан құлап кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде оқиғаның қорқынышты видеосы жарияланды. Кадрда бойжеткен Манхэттендегі тұрғын үй кешенінің төртінші қабатының терезесінен көтеріліп, жіңішке темірге ілініп қалған.

Оның аман-есен және жағдайы жақсы екені белгілі болды. Алматы полициясы тергеу жүргізіп, оқиғаның жалдамалы пәтерде болғанын, ал бойжеткеннің мас болғанын анықтады. Енді айыппұл төлеуіне тура келеді.

«Оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция қызметкері оқиғаның мән-жайын құжаттап, қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды», — делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.

Другие новости

Back to top button