Алматинская область

Сыныптасының жүрегіне шампур тыққан: бала өлгеннен кейін мектеп директоры орнынан кетті

Алматы облысында түлектің сыныптасына кәуәп пісіретін темір істікті жүрек тұсына қадап, өлтірген оқиғасына байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құқық қорғау органдары жергілікті білім басқармаларымен бірлесе жұмыс істеп жатқанымен, мұндай жағдайдың орын алуы өте өкінішті. Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Аталған іс аса ауыр қылмыс ретінде тіркелді, барлық мән-жай тергеу барысында анықталады», – деді Санжар Әділов.

Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен кеткен. Екі сынып жетекшісіне және оқу ісі жөніндегі орынбасарға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Еске салайық, Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында түлектер мектеп бітіру күнін коттедж жалдап тойлаған. Сол жерде екі оқушының арасында жалжал туып, 17 жастағы Әліби Қадыр қаза тапты. Түлектің қатарласы оның жүрегіне кәуәп пісіретін шампурды тығып алған.

Қазіргі сәтте сыныптасын өлтірген күдікті қамауға алынған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Другие новости

Back to top button