Госорганы

Сұраныс бар, бірақ ұсыныс жоқ: Мамандар Қазақстанның туризм индустриясында қандай кемшілік барын айтты

Қазақстанда туристерді орналастыратын орындардың саны азайды. Өткен жылы 1685 нысан болса, қазір 39 нысанға кеміген. Мамандар Қазақстанның туризм индустриясында қандай кемшіліктер бар екенін айтты. Бұл туралы  Stan.kzақпарат агенттігі Информбюро 31 арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жетісу өңірінен Алакөл жағалауында туристерді орналастырудың күрт төмендегені байқалады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы онда 223 нысан болса, қазір 185 орын бар. Сондай-ақ Алматы тау шоғырында да нысандар саны 28-ге азайған.

«Біздің қонақүйлердегі бағалар жоғары және өздері көрсететін қызметпен салыстыруға келмейді. Бурабай немесе Алакөлдегі бағалар Тайланд немесе Түркиядағы демалыстың құнымен бірдей», — деді Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмұтова.

Нысандардың азайғанына қарамастан, бұл жылы өткен жылмен салыстырғанда туристер 14 пайызға көп болды. Бұл көрсеткіш 6 миллион 200 мың адамға жетті. Қазақстанның туризмдегі әлеуеті орасан зор, қызметті дамыту керек дейді мамандар.

«Әлі де жол мәселесі бар. Туристік ресурстарымыздың қолжетімділігі туралы сұрақтар да көп. Кейбір ұлттық саябақтардың, әсіресе, Алматы маңындағы «Іле-Алатауы» немесе «Көлсай көлдерінде» туристердің көбеюіне байланысты мәселелер шешімін әлі тапқан жоқ», — деді Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.

Қоқыс тастағандарды жазалау үшін мемлекет те қатаң шара қолдануы керек. Кейбір азаматтарға айыппұлдар ғана әсер етуі мүмкін, дейді маман Меруерт Махмұтова.

Другие новости

Back to top button