Выбор редакцииСоциум

«Сұмдық-ай!» Егде жаста дүркіретіп үйлену тойын жасаған жұп жұрт назарына ілікті

Ғаламторда жасы біразға келіп қалған ер кісі мен әйелдің шаңырақ көтерген тойының видеосы тарады. Бейнежазбада тіпті олардың үйлену тойын дүркіретіп жасағанын да көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода жасы алпыстарды алқымдап қалған жұптың бас қосқанын байқайсыз. Тойханаға ән ырғағымен кірген жұбайлар тіпті той барысында салтанатты түрде неке куәліктерін де алған. Ал күйеу жолдас пен қыз жолдастың орнында егде жастағы азаматтар.

Ауылымызда көптен күткен ұлы той. Ағамыз үйленіп, шаңырақ көтеріп жатыр,

— деп жазылған бейнежазбаға.

Жасы біразға келсе де, жалғыздықтан құтылуға асыққан жұптардың әрекеті қатты талқылануда. Басым бөлігі олардың дүркірете жасаған тойын сынға алыпты.

«Сұмдық-ай! Неше түрлі нәрсені көретін болдық қой», «Осындай жаста бұлайша дүркіретіп той жасаудың не қажеті бар?», «Ұят сияқты. Үлкен кісілер тек батамен жұптасса да жарасар еді», «Мүмкін, тұрмыс құрмаған әйел шығар. Бақытты болсын!»

— деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.

Другие новости

Back to top button