Госорганы

Сұйық отын сатуға шектеу енгізген стансаларға шара қолданылады – ҚР Энергетика министрі

Алмасадам Сәтқалиев жанар-жағармай бағасын өсіруге түрткі болған бірқатар себепті атады.

Сұйық отын сатуға шектеу енгізген жанар-жағармай құю стансаларына шара қолданылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпкерлер жанармай болған кезде оны белгіленген баға бойынша уақытылы өткізуге міндетті. Мәжіліс депутаттары алдында жаңа заң жобасын таныстырған Энергетика министрі осылай деді. Алмасадам Сәтқалиев жанар-жағармай бағасын өсіруге түрткі болған бірқатар себепті атады. Алғашқысы – Қазақстан қазірдің өзінде қоры таусылуға шақ қалған кен орындарынан мұнай алып жатыр. «Тапшылықтың себебі де осы», – деді министр. Ал қосымша ұңғымаларды бұрғылау үшін эксплуатациялық және базалық шығындар көп болатынын жеткізді.

«Мұнай бар, бірақ оны өңдеу кезінде пайда болған шығындарды сатылым бағасы жабуы тиіс. Біздегі ірі кен орындарына келетін болсақ, экспорт көлемін реттейтін халықаралық және өнім бөлінісі туралы келісімдер бар. Оларға қомақты қаржы, инвестиция салынды. Енді оның нәтижесін күтудеміз. Тарифтер мен басқа шығындарды қосқанда, өзіндік құн қалыптасатыны белгілі. Қазір сату құны өзіндік құннан төмен болғандықтан біз минуста отырмыз», – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. 

Дәл осы жиында Энергетика министрі Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апат себебін атады. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, қыстың көзі қырауда қарашаны жылусыз қалдырған жағдай адами фактор салдарынан туындаған.
«Жылуға жауапты қызметкерлер қысымды есептемей мөлшерден артық қойған», – деді министр. Сондай-ақ аталған оқыс оқиғаға бір емес, бірнеше кінәлілер барын жеткізді.

Другие новости

Back to top button