Происшествия
Су тасқынынан 250 адам із-түссіз жоғалып кетті
Су тасқынан Кентуккидің ең кедей аудандары зардап шеккен

Американың Кентукки штатында су тасқынынан 25 адам қаза тауып, кем дегенде 250 адам іс-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Штат губернаторы Энди Беширдің мәлімдеуінше қаза тапқандардың төртеуі балалар.
Толассыз жауған жаңбырдан штатта су тасқыны болған. Кейбір аудандарда бір күнде жауған жауын-шашын 20 сантиметрден асты.
Бірнеше сағаттың ішінде Кентукки өзенінде су деңгейі алты метрге дейін көтерілген.