Госорганы

Су тасқыны топырақтың ылғалдануына әсер етеді – экология министрі Ерлан Нысанбаев

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырсында су тасқыны топырақтың ылғалдануына ықпал ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда ведомство басшысы Ерлан Нысанбаев жазда құрғақшылық болмайтына кепілдік жоқ екенін айтты.

«Көктемгі су тасқыны топырақтың ылғалдануына жақсы әсер етуге тиіс. Бұл барша табиғатқа, атап айтқанда өсімдіктер үшін жақсы», – деді Нысанбаев.

Министр мұның бәрі су тасқынынан кейінгі температура режіміне тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бұл ылғал тұрмайтыны түсінікті. Егер күн ысып кетсе, кейбір бөлігінде ылғалдылық сақталмайды. Біз оны жоғалтып алуымыз мүмкін», – деді министр.

Еске салайық, министр 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын айтты. Ол бүгінгі таңда еліміздің 27% қар басқанын атап өтті. Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, желтоқсан айының өзінде өңірлер бөлінісінде су тасқыны қаупі бар учаскелер айқындалып желтоқсан, ақпан және наурыз айларының басындағы болжамдарда көрсетілді және әкімдіктер мен орталық органдарға жолданған. Алайда әкімдіктер болжамға қажетті деңгейде назар аудармады, осы себепті су тасқыны қаупіне тиісті баға берілмеді және уақтылы алдын алу шаралары қабылданбаған.

Другие новости

Back to top button