Абайская область

Су тасқыны: Абай облысында жоғалып кеткен екі ер адам әлі іздестіріліп жатыр

Бір апта бұрын трактормен Борлы өзенін кесіп өту кезінде жоғалып кеткен екі азаматты іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар — жалпы саны 63 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 2 пилотсыз ұшу аппаратары, сондай-ақ полиция департаментінің бір кинологиялық есебі жұмылдырылған.

Олар күн сайын сағат 06.00-ден бастап тәуліктің қараңғы уақыты түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Жоғалған адамдарды сүңгуірлердің көмегімен іздестіру жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына байланысты су асты көрінуінің нашарлығымен және өзеннің ағыс жылдамдығымен күрделенетінін ескертеміз. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары 4 рет тартылды, — дейді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетеек, 2024 жылдың 26 наурызында сағат 09-29-да «112» пультіне Борлы өзенінен өту кезінде екі адамның өзен ортасында трактормен тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жоғалып кеткендер адамдар одан бас тартқан . Олар өздерін техникасымен бірге эвакуациялайды деп күткен. Осы уақытта Аягөз қаласының ЖҚЖ құтқарушылары «Шығыс» шаруа қожалығында (Аягөз қаласынан 80 шақырым жерде) іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Мұнда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатқанда аттан құлап, 1977 жылғы ер адам суға кеткен еді. Аталған аймаққа жету қиын әрі байланыс та жоқ.

Осыған байланысты Борлы өзенінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Айта кетсек, жоғалған адамдар көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес, — деп хабарлады Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button