Социум

Стамбулдың орталық аудандарының бірінде жарылыс болды

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз

Стамбулдың Фатих ауданында жарылыс болды, жалын үш көлікті шарпыды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

«Стамбулдың Фатих ауданында белгісіз себептермен жанып бастаған көліктен тараған жалын тұраққа қойылған өзге көліктерге тарады. Бейнежазбалардан өрт кезінде күркіреген жарылыстардың дыбыстары естілді», — деп жазады Haberturk порталы.

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, өткен аптада Стамбулдың орталығындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болып, алты адам қаза тапқан, 81 адам зардап шекті. Шабуыл жасады деген күдікті Ахкам әл-башир ұсталды, ол ПКК-мен байланысын мойындады. ІІМ мәліметтері бойынша, Сирияның шекаралас Кубань қаласынан шабуыл жасау туралы нұсқау келіп түскен.

Сондай-ақ, 21 мекен-жай бойынша тінту жүргізілді, жалпы қауіпсіздік қызметкерлері 50 адамды ұстады.

Другие новости

Back to top button