Северо-Казахстанская область

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен үйлердің 40%-ы сүрілмек

Солтүстік Қазақстан облысында суға кеткен үйлердің 40%-ы тұруға жарамсыз деп танылды. Енді апатты баспаналар сүріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

 

30 күн судың астында тұрған Николай Закотыриннің үйі тасқыннан қатты зардап шеккен. Оның баспанасының қабырғалары бұзылып, едені қираған. Ал арнайы комиссия үйді тұруға жарамды деп таныған екен.

“Үйімізді үш апта бойы кептірдік. Енді жөндеу керек. Еденін түгел ауыстырып, қабырғаны сылаймыз. Терезелер де қираған. Бәрін қайта ретке келтірмеске амал жоқ. Техника мен мүлкімізді толық қоқысқа тастадық”, – Петропавл тұрғыны Николай Закотырин.

Аймақта төрт мыңға жуық баспана тасқын кезінде бүлініп, 1720 үй апатты деп танылды. Тұруға жарамсыз деп танылған баспаналар екі аптаның ішінде сүрілуі тиіс. Жалғыз баспанасынан айырылған азаматтарға қаланың жаңа ауданынан 700 үй салынады. Ал мың отбасыға қайталама нарықтан пәтер сатып алынады. Олардың құны 22 миллион теңгеден аспауы керек екен.

“Оған қоса облыста 2178 үйге жөндеу жүргізіледі. Қазірдің өзінде 136 үйге жөндеу басталды. 270 үйдің иесі мехбригадалармен жөндеуге өз келісімін берді”, – деп мәлімдеді СҚО әкімдіктің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш.

Атырауда тасқын әлі кетер емес. Жайықтың суы ауыл шаруашылық жердің 3000 гектар алқабын басып қалған. Алапат су Соколок өзенінің жағасында орналасқан Алмалы мен Еркінқала ауылындағы 18 мал шаруашылығы мен 19 егіс алқабын да басқан.

“Оларға қажетті құрал-саймандары, жанармайлар, басқа да материалдары беріліп жатыр. Сонымен қатар комиссия құрылып, қалалық әкімшілікпен және облыстық егін шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармасын бірлесіп, комиссия арқылы шығындарды есептеп, төлейді”, – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Мамандар тасқынға қарсы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Другие новости

Back to top button