Северо-Казахстанская область

СҚО-да күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды

Айыпталушы жолдасын пышақтап тастаған

СҚО-да күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Петропавлда полиция инспекторының өліміне қатысты аты шулы іске нүкте қойылды. Осы жылдың мамыр айында марқұмның денесі кеуде тұсынан салынған пышақ жарақаты белгілерімен өз пәтерінен табылған болатын. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның әйелі ұсталып, тергелді. Азаматша өз кінәсін толығымен мойындады. Белгілі болғаны, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, оның арты қайғылы жағдаймен аяқталған. Барлық мән-жайды ескерген мемлекеттік айыптаушы азаматшаны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға өтініш білдірді. Айта кету қажет, марқұмның артында кәмілет жасына толмаған екі баласы қалды.

«Сот Жұмағали Айгүл Жанболатқызын ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырады. Жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін. Және айыпталушыдан моральдық зиян келтіргені үшін жалпы сомасы  4 млн теңге болатын өтемақы өндіріп алынсын», — деді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

 

Другие новости

Back to top button