Западно-Казахстанская область

Соңғы тәулікте Жайық өзенінің суы тағы көтерілді

БҚО-да жергілікті ауқымдағы 6 төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта аймақта өңірде Жайық өзенінің көтерілуі байқалуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОКҚ-да өткен брифингте сілтеме жасап.

Бүгінгі күнге дейін өңірде 3 мың адам эвакуацияланды. Олардың 5 мыңы – балалар. Қазір облыста 20 эвакуациялық пункт жұмыс істер тұр. Бұл жерлерде 1800-ден астам адам орналасқан. Бір млн текше метрден астам еріген қару суы тартылды. 277 мыңнан астам қапшық төселді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.

Соңғы бір тәулікте Жайық өзені 10 см-ге көтерілген.

«Қазір облыста Жайық жағасындағы елді мекендерді судан алып қалу үшін Жайық жағасын көтеру, қапшықтар төсеу, дамбаларды нығайту, жағажай маңындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Орал қаласы мен 4 аудан төңірегінде 19 мыңнан астам қапшық төселді», — деді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Другие новости

Back to top button