Выбор редакцииСоциум

Соғысқұмарлар қазаққа келіп нан тапқысы келеді..

Алматыда Ресейдің мәнерлеп сырғанаушысы Татьяна Навканың шоуы өтпейтін болды. Ұйымдастырушылар көрсетілімге билет сатуды тоқтатқан.

«Алматыдағы «Шехеразаданың махаббат хикаясы» шоуына қатысты спорт басқармасы хабарлайды: Іс-шараны өткізу немесе тоқтату мәселесі «Алматы Арена» кешенінің концерттік бөлімінің әкімшілігі мен ұйымдастырушылар арасындағы шартқа байланысты.

Сонымен қатар, «Алматы Арена» кешенінің концерттік бөлімі әкімшілігінің ақпараты бойынша ұйымдастырушылар «Рахат» ЖК «Алматы Арена» әкімшілігінен билет сатуды тоқтатуды сұраған.

«Алматы Арена» кешені аумағында концерт өткізу мәселесіне Алматы әкімдігінің еш қатысы жоқ», — деп хабарлады қалалық әкімдік.

Айта кетейік, Татьяна Навка Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі. Оған 2022 жылдың маусымынан бастап Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Канада, Швейцария, Австралия және басқа да бірқатар елдер санкция салған. Сондықтан ресейлік әртістің шетелге шығып, шоу көрсетуге жолы байланған.

Бұған дейін Қазақстанға келіп өнер көрсетпек болған Ресейдің басқыншылық соғысын қолдайтын әртістердің концерттері өтпей қалған болатын. «Камызяки» әзілкештер тобы, Григорий Лепс, Ирина Дубцова, Никита Джигурда секілді әртістер қазақ қоғамының қарсылығына ұшырап, Қазақстанға жоспарлаған сапарларынан бас тартты.

Abai.kz

Другие новости

Back to top button