Госорганы

Смайылов Қазақстанға миллиардтары қайтарылған тұлғалардың кім екенін ашып айтпады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанға қайтарылған активтер туралы соңғы мәліметтермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

Смайыловтың айтуынша, бүгінге дейін елге бір триллион теңгеге жуық қаржы қайтарылған. Бұл қаражаттың 600 миллион доллары шетелден қайтарылғаны атап өтілді.

Үкімет басшысы кінәсіздік презумпциясы принципіне байланысты ақшаны қайтарған нақты тұлғалардың атын атамады. Смайылов тергеу аяқталғаннан кейін ғана ақпарат бере алатынын жеткізді.

Ол заңсыз активтерді қайтарудың екі жолы бар екенін атап өтті — ерікті және мәжбүрлі. Екінші әдіс сот шешімімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Әлихан Смайыловтың Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатысқанын сынға алған еді. Сонымен қоса Смаиловтың қазіргі билік мүшелерінің ішінен жалғыз өзі келгенін байқағандар да болды. Ал бүгін Үкімет басшысы Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне не себепті барғанын түсіндірді. 

Другие новости

Back to top button