Госорганы

Смайылов Қарағанды облысында қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

Жол апаты салдарынан екі дәрігер көз жұмып, сегіз медицина қызметкері зардап шекті

 Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысында жол апатынан қаза болған медицина қызметкерлерінің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Сарышаған ауылының маңында жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, сегіз медицина қызметкері зардап шекті. Олар Қазақмыс компаниясының қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін қайтып келе жатқан. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», — деді Смайылов үкімет отырысында.

Ол премьер-министр кеңсесіне үкіметтің таяудағы отырысының күн тәртібіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін енгізуді тапсырды.

 

Другие новости

Back to top button