Сюзанн Хофманн Алматыда «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» кітабын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды

23 қазанда Алматыда сәулетші Сюзанн Хофманның ашық дәрісі және алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітап, берлиндік сәулет бюросының жетекшісі Die Baupiloten және техника ғылымдарының докторы Сюзанн Хофманнмен жазылған. Еуропадағы бірлесіп қатысатын жобалаудың жетекші теоретигі әрі практигі әзірлеу процесіне болашақ нысандарпайдаланушыларын тартудың авторлық әдістерін қолдана отырып, ондаған қоғамдық ғимараттар мен тұтас аудандардың жобаларын жүзеге асыруымен танымал. 2023 жылы Urban Forum KazakhstanҚазақстандағы Роза Люксембург қоры өкілдігінің қолдауымен алғаш рет сәулетшінің кітабын қазақ және орыс тілдеріне аударды. Сюзанн Хофманн Алматыда кітаптың тұсаукесеріне қатысып, кең аудиторияға дәріс оқыды.
Әділ Нұрмақов, Urban Forum Kazakhstan қорының директоры: «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» кітабы» адамдарды жобалауға тарту философиясы және Сюзанның әртүрлі жастағы тұрғындармен, қоғамдық орындар мен ғимараттар пайдаланушыларымен сәтті жұмысының тәжірибелік үлгілері туралы айтады. Еуропадағы ең беделді сарапшының осы бағыттағыәдістемесі қазақстандық сәулетшілер мен урбан белсенділері үшін қоғамдық қызығушылық пен қоғамдастықтың өзекті сұраныстарын есепке алу үшін партисипаторлық жобаларды іске асыруда жақсы көмек болады».
Сонымен қатар, Сюзанн Хофманн Қазақстанның түрлі қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғыз Республикасынан келген сәулетшілер, жобалаушылар мен белсенділер үшін «Сәулеттегі бірлесіп жобалау» атты тәжірибелік семинарын өткізді. Қатысушылар сәулетте бірлесіп жобалаудың әртүрлі аспектілері мен әдістемелерін қарастырып, талқылады. Семинар қатысушылардың тәжірибелік дағдылары мен білімдерін дамытуға, сондай-ақ диалог пен тәжірибе алмасуын ынталандыруға бағытталған.
Валерия Хусаева, урбанистика орталығының жетекшісі, Қарағанды қ.: «Сюзанның осындай материалмен келгені тамаша, өйткені урбанистертұрғысынан бізге негізгі түсініктер жетіспейді. Мұның бәрі оның «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» атты кітабында жазылған. Кітаптың тұсаукесерінде біз оның айтқан әдістері біздің жұмыста қолданылуы керек екенін түсіндік. Біздің басты ресурсымыз – бұл адам, сондықтан біз қарағандылықтардың пікірлерін тыңдап және оларды есепке ала отырып, қаланың урбандалуынжалғастырамыз».
Хикоят Салимова, зерттеуші, урбанист, Өзбекстан, Ташкент қаласы: «Үлкен қалалық жобаларды жоспарлау кезінде қала тұрғындарының пікірі жиі есепке алынбайды. Менің ойымша, бұл мәселе бүкіл посткеңестік өңірлерде айқын байқалады. Орталық Азия қалаларының проблемасы – олардың даму деңгейі өте жоғары болады, бірақ халықтың дауысы ескерілмейді. Адамдар өз қалаларына риза болуы үшін нәтижені тек құрылыс аяқталған кезде ғанакөрсетпей, тұрғындарды жобалау кезеңінде осыпроцеске тарту қажет. Бізде азаматтық қоғамымыз өтебелсенді, сол себепті адамдар ыңғайсыз қалалықөзгерістерге көнбейді. Тұрғындардың наразылығын болдырмау үшін азаматтарды қазірден бастап тарту өте қажет. Мысалы, Алматыда азаматтардың қатысуымен жасалынатын жобалар пайда болабастады, Ташкентте әзірге мұндай тәжірибе жоқ».
Ирина Черных, Қазақстандағы Роза Люксембург Қоры өкілдігінің жобалық менеджері: «Қалалық кеңістікті бірлесіп жобалау тәжірибесі әлемнің түрлі қалаларында сұранысқа ие бола бастады. Қалаға деген өзінің құқығын жүзеге асыра отырып, азаматтар өз айналасындағы жайлы кеңістікті қалыптастыруға көмектесумен қатар, бірлесіп қатысу, жауапкершілік және өзін-өзі басқару мәдениетін дамытады. Белгілі сәулетші Сюзанн Хофманның «Архитектура жұртшылықтың қатысуынан тұрады» кітабын қазақ және орыс тілдеріне аудару алғаш рет жүзеге асырылуда, және, қалалық кеңістікті бірлесіп жобалау тәжірибесін тек Қазақстан қалаларында ғана емес, сондай- ақ бүкіл Орталық Азияда да дамытуға ықпал ететіні сөзсіз».
Кітап аудармасы, семинар және Сюзанн Хофманныңкелуі Қазақстандағы Роза Люксембург қоры өкілдігінің қолдауымен Urban Forum Kazakhstan-мен ұйымдастырылды.
Таныстыру рәсімі және семинардағы фотосуреттер мен вижуалдарды жүктеп алу