Главное

Шымкенттіктер аналары жұмбақ жағдайда мерт болған 7 балаға үй алып берді

Халық Шымкентте аналары жұмбақ жағдайда үшінші қабаттан секіріп мерт болған әйелдің жеті баласына үй алып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазды.

— Айлардың сұлтаны оразада тағы бір қайырымды істі артқа тастадық. Екі апта бұрын кенеттен панасыз қалған 7 бала көмек сұраған еді. Анасы белгісіз жағдайда 3-ші қабаттан секіріп қайтыс болды. Әкесі бұл өлімге күдікті деп қамалды. Баланың үлкені 20-да, кішісі 2-де. Төбесінен жай түскендей сәтте кәмелетке толмаған 5 бауыр мемлекет қарауына өтті. Тарыдай шашыраған 7 баланың басы қосылу үшін үй қажет. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте жетерлік қаражат жиылды. Шымкент ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік. 5 бауырдың басын қосып, бәрі әпкесінің қамқорлығына өтті. Қала орталығы, жайлы аудан, жаңа үй. Аулада 6 мектеп, 4 бақша бар, деп жазды журналист.

Сонымен қатар, балалар еш кедергісіз мектеп, бақшаға орналасады.

— Тегін ұсынылған 40-тан аса үйірмеден қалағанын таңдайды. Екі әпкесі де 6 жастан жұмыс істеп үйренген, шаруа таңдамайды. Бірі даяшы, бірі тігінші, дейді Гүлмира Әбіқай.

Другие новости

Back to top button