Выбор редакцииШымкент

Шымкенттегі сауда үйінің жанындағы дүрбелең: дүкен иесі кешірім сұрады (видео)

Шымкентте киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған дүкен иесі халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін желіде бір-бірін қысып, есіктен кіре алмай жатқан адамдардың видеосы тараған еді. Кейін анықталғандай бұл жайта 5 қарашада Шымкенттегі сауда үйлерінің бірінің алдында өткізілген акция кезінде болған. Дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Соның салдарынан дүкен алдында дүрбелең орын алған.

otyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына келген учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қалпына келтірген.

Сондай-ақ аталған жағдайға қатысты дүкен иесі халықтан кешірім сұраған. Кәсіпкер келесі жолы мұндай акцияны қайта өткізсе, құзырлы органдарға ескертуге уәде берген. Дегенмен полиция акция ұйымдастырушы дүкен иесі ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Другие новости

Back to top button