Шымкент

Шымкентте «Самал» базарының маңында ірі өрт шықты (видео)

1 тамыз күні Шымкентте «Самал» базарының артқы жағында ірі өрт шығып, ғимараттан бөлек, сол маңда тұрған көлік зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өрт туралы хабарлама 1 тамыз күні сағат 10:37-де Абай шағын ауданы, Рысқұлов көшесі мекенжайы бойынша келіп түскен.

«Самал базарының артында орналасқан ғимараттың ауданы 60 шаршы метрді құрайды. Шатыры толығымен жанып, сол маңда тұрған Kia Optima көлігінің алдыңғы бөлігі зақымданған. Өртті сөндіруге жарты сағаттай уақыт кетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп хабарлады Төтенше Жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 12 қызметкері мен 3 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

Другие новости

Back to top button