Шымкент

Шымкентте қызғаныштан сүйіктісін өлтіріп алған ер адам полицияға өз еркімен берілді

Қайғылы оқиға 31 тамыз күні түстен кейін орын алған. 50 жастағы күдікті қызғаныштың кесірінен қылмысқа барғанын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам көңіл қосып, өзімен бірге тұрып жатқан құрбысын қызғанып, оған пышақпен тап бергені белгілі болды. Келіншек оқиға орнында қаза тапты.Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу амалдарын қолға алды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button