Выбор редакцииШымкент

Шымкентте пәтерден қыз бен жігіттің мәйіті табылды

Шымкентте «Теріскей» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден бойжеткен мен жігіт көз жұмды. Марқұм болған қыздың жасы 22-де, жігіт 21 жаста болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Алдын ала болжам бойынша екі жас газға уланып көз жұмған болуы мүмкін. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Себебі көрсетілген мекенжайға барған кезде мамандар газ құрылғыларын ортанудың техникалық шарты бұзылғанын анықтаған. Яғни, газ плитасы мен су жылытқыш сыртқа шығарылып, лоджияға орнатылыпты. Су жылытқыштың үстіндегі құбыр тармақтық (гофр) құбырға еркін жалғанып, қабырға арқылы сыртқа шығарылған. Пәтер сыртында мұржа болмаған. Қауіпсіздік шаралары ескерілмеген екен.

Марқұм болғандар пәтерді жалға алып тұрып жатқан.

 

Другие новости

Back to top button