Выбор редакцииШымкент

Шымкентте оқушыға қалам тығып алған мұғалім жұмыстан шығарылған жоқ

Шымкентте оқушыға қалам тығып алған мұғалім жұмыстан шығарылған жоқ. Оның жүйкесі сыр берді деп ойлаған едік. Алайда ол екі бала төбелескен кезде жанжалды тоқтатамын деп абайсызда біреуіне қалам тиіп кетті деп отыр.

Мұғалімге қатысты тәртіптік шара қолданылды, деп хабарлады Otyrar.kzсайты қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
Алайда 5-сынып оқушысының анасы бұл оқиғаға джинс шалбары себеп болды деген ойда. Мұғалім оқушы сабаққа джинс шалбарымен келгенге ашуланған.
Ата-ана полицияға жазған арызынан бас тартты. Өйткені мұғалім 4 бала тәрбиелеп отыр. Қаржыдан қысылып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттегі №69 орта мектепте жанжал шықты. Мектепке джинсы шалбармен келген оқушыны мұғалім қатаң жазалады.
Мұғалім 10 жасар Жолбарыстың оң қолына қаламсап тығып алған. Ұстаздың бұл әрекетінен оқушының қолында көгерген із қалған.
Зардап шеккен оқушының ата-анасы баланың физикалық ғана емес, психологиялық жарақат алғанын айтты. Оқиға бүкіл сыныптың көзінше болған.

Другие новости

Back to top button