Шымкент

Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін ұрып-соққан

Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

Шымкентте жарты жыл бұрын оқушылардың денесі көгерген видеосы тарап, елді шошытты. Алайда балаларды көк ала қойдай сабаған молда қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Себебі полиция таяқ жеген жеткіншектердің ата-аналары мен діни тәлімгер мәмілеге келгендіктен, істі тоқтатыпты.

Молда үйде оқушылардың діни сауатын ашуымен айналысқан. Бірақ балаларға қол көтеріп, денелеріне зақым келтіргені анықталды.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жағдайдан кейін мешіттің ұстазын қызметінен босатты. Мүфтият өкілдері ұрып оқытатындарды құптамайтындарын мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button