Шымкентте алты баланы жалыннан аман алып қалған әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Шымкентте саяжайдағы жеке үй өртеніп, ата-ана қарауынсыз қалған алты баланы көпбалалы ана құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Түн ішінде үйден шыққан жалынды көрші тұратын 27 жастағы келіншек Марина Гафарова байқап, балалардың бәрін өрттен аман алып шыққан. Тіпті көпбалалы ана өрт сөндірушілердің келуін күтпеген.
«Үйдегі қоқысты көшеге алып шыққанмын. Он айлық баланың дауысын естимін. Шыңғырған, жылаған. Төбе жағынан қараймын. Түтін мен от шығып жатыр. Шығып қарасам 10 жасар бала 10 айлық баланы қолына ұстап тұр. Жағасынан ұстап, мына дарбазаға дейін алып келдім. Кейін қайта ішке кірдім жанып жатқан жерге. Оң жағымда газ баллон тұр. Түтін. 4 баланы алып шыға алмайтынымды түсініп тұрмын. Өзім де, бала-шаға да өледі. Ең бастысы айқайлаймын «кім бар?» деп, 12 жасар бала біз бармыз дейді. «Терезенің алдына бар балаларды алып» деп, мына жаққа жүгіремін. Мына жақта шәйнек па бірдеңе тұрған. Сонымен терезені сындыруды бастаймын. Алты бала-шағаны үйге кіргіздім. Бірінші көмек жылы сүт пен жылы су бердім. Қорқыныш деген сезім болған жоқ. Ең басты бала-шағаны аман алып қалу болды», — Шымкент қаласының тұрғыны Марина Гафарова.