Шымкент
Шымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқышқа қыстырылып қалып, көмекке құтқарушылар келген
Баланың қолы босатылған соң медициналық көмек көрсетілді
22 шілдеде құтқару қызметінің «112» нөміріне 4 жасар балаға көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама келіп түсткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар бүлдіршіннің қолы ет тартқышқа қыстырылып қалғанын анықтаған, деп хабарлайды OTYRAR.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінен төрт адам барған.
Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарды қолданып, ет тартқышты кесіп, баланың қолын босатты.
Медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты баланы жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.