Госорганы

Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

Ол 13 қазанда үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған

Шымкент полицейлері 19 жастағы жоғалған жігітті іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

15 қазан күні Абай АПБ-ға жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

Оның жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған.

Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден «102» нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Другие новости

Back to top button