ГлавноеШымкент

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға алынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті басшының орынбасарына 200 мың доллор пара бермек болды деген айыппен ұсталды. Содан бері тергеу абақтысында жатқан бұрынғы шенеунік сот барысында өзіне жала жабылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, керісінше ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы  бойынша департамент басшысының орынбасары Исаховтан ақша бопсалаған.

Даудың бәрі қаладағы жылу құбырын жөндеу үшін өткізілген тендерден басталған. Мемлекеттік сатып алуда жеңген комания Мақсұт Исаховтың үстінен ұлттық қауіпсіздік еомитетіне шағым түсірген.

Жарыссөзде Исахов өзін ақтап шығаруын сұраған болатын. Ал, прокурор пара бермек болды деп айыпталған шенеунікке 8 жыл 5 ай мерзімде бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 8,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Другие новости

Back to top button