Госорганы

Шұғыл шешімді талап етеді — Президент Алматының экологиясы жөнінде

Алматының жылу электр орталықтарын газға көшіру зиянды шығарындылар деңгейін 10 еседен астамға төмендетеді. Бұл туралы бүгін Алматы жұртшылығымен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ N1 Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

«Қоршаған орта азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сондықтан, экология мәселесі үнемі назарымда болады. Алматылықтарды ауа ластануының ең жоғары деңгейі қатты алаңдататынын білемін. Бұл проблема қалалықтар үшін ең басты разрядтардың біріне айналды әрі шұғыл шешімді талап етеді», — деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының дерегінше, жыл сайын атмосфераға ластаушы заттардың таралуы шамамен 125 мың тоннаны құрайды. Ластаушылардың қатарында автокөліктер, қалалық ЖЭО, өнеркәсіп кәсіпорындары және газ тартылмаған жеке тұрғын үйлер бар. Ахуалды жаппай салынып жатқан құрылыс нысандарды да күрделенідіріп отыр.

«Жол-көлік жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы қала экологиясын айтарлықтай жақсарта аламыз. Жаңа технологиялар мен ақылды трафиктердің арқасында азаматтардың ұтқырлығы қоршаған ортаға теріс әсер етпейтін болады. Әкімдік қаладағы экологиялық қауіпсіздік нормасының сақталуын, әсіресе өнеркәсіп кәсіпорындарында сақталуын қатаң қадағалауы тиіс. ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру зиянды шығарындылар деңгейін 10 еседен астамға төмендетеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Другие новости

Back to top button