Щучинскіде әскери колледж кадеті оқ жарақатынан көз жұмды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2024/02/65cc349ee56ba381895202-780x470.jpg)
Щучинск қаласындағы әскери колледждің кадеті оқ тиіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 13 ақпанда болған.
«Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ жарақатын жасау нәтижесінде мерт болды», — делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген мнистрдік хабарламасында.
Айта кетсек, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан. Колледж Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттар дайындайтын негізгі орталық саналады.