Восточно-Казахстанская область

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы 6 қыркүйетек сағат 11:27 шамасында Ұлан ауданында Өскемен-Алматы тасжолының 45 шақырымында болған.

«Toyota Ipsum автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, алдында келе жатқан «КамАЗ» көлігім ен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі 38 және 44 жастағы екі жолушы түрлі дене жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды”, — делінген хабарламада.

Көліктегі 24 жастағы жүргізушісі, 40 және 20 жастағы екі жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

жол апаты ШҚО адам өлімі қайғылы оқиға Полиция департаменті

 

Другие новости

Back to top button