Восточно-Казахстанская область

ШҚО-да 3 орман мен 2 ауылды округте өрт сөндіру жұмысы жүріп жатыр

Өрт сөндіруге барлығы 350-ден астам адам мен 33 техника жұмылдырылды

Қазір Шығыс Қазақстан облысында 3 орман шаруашылығы мен 2 ауылдық округте қызыл жалын сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.

Күршім ауданында «Марқакөл орман шаруашылығы» РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрттің алдын ала аумағы 1 800 га құрайды, жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 278-ден астам адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмысына таулы жерлер, ауа райының қолайсыздығы қиындық тудырып отыр. Сол себепті суағар құрылғылары бар 3 тікұшақ жұмылдырылды. Барлығы 18 мәрте су ағызылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.

 

«Алтай ауданында «Зырян орман шаруашылығы» КММ және «Быков орманшылығы» аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау», ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері таулы жерлерде 1400 га алдын ала алаңда сөндіруді жалғастыруда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Өрт сөндіруге барлығы 350-ден астам адам мен 33 техника жұмылдырылды. 

Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 км, «Большенарым орман шаруашылығы» КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенеді, алдын ала ауданы 1900 га. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қызыл жалынды сөндіруге 350 адам және 27 бірлік техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары жұмылдырылды.

Құйған ауылдық округі аумағында шөп пен бұталар өртенді, өртті сөндіру жұмысы жетуі қиын жерлерде болғандықтан қиындық тудырып жатыр. Алдын-ала алаңы 200 га орман аймағында өрттің таралуы 17,5 Га алаңда тоқтатылды, өрт тек дала аймағында ғана жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ. Оны сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, полицияның 70-тен астам адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

 

Другие новости

Back to top button