Госорганы

Шомылу маусымы басталғалы 11 адам суға кеткен

Өткен демалыста үш ересек адам құтқарылғанымен, 8 адам, оның ішінде екі бала суға кетті  

Суға түсу маусымы басталғалы еліміздегі өзен-көлдерде 11 адам ажал құшқан, деп хабарлайды  КТК телеарнасы. 

Өткен демалыста үш ересек адам құтқарылғанымен, 8 адам, оның ішінде екі бала суға кетті. Қайғылы жағдайдың 80 пайызы шомылуға тыйым салынған жерлерде болады.

Мас күйде суға түсу – ажалдың бірден-бір себебі. Шомылу маусымының алғашқы бес күнінде құтқарушылар Астанадағы жағажайларды аралап, азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Күн ысыса, жұрт жанға саяны Есілдің жағасынан іздейді. Бұл тұста құтқарушылардың жұмысы қауырт, тәулік бойы өзен бетін шолады. Бас қалада 21 учаскеде шомылуға тыйым салынған. Суға түсуге рұқсат берілген тек төрт орын бар. Олар ақылы болғандықтан, тұрғындар оған оған барғысы жоқ. Қараусыз жүрген балалар тыйым салынған жерде суға түссе, ересектердің жөні мүлде бөлек. Алкоголь жалынын өзеннің салқын суымен басқысы келеді. Енді бірі өз күшін жете бағаламайды. Соңы – өкініш.

«Шомылу маусымы басталғаннан бері бір адам суға кетті. Ол 1996 жылғы ер азамат. Өз күшін есептей алмағандықтан, жағаға жетпей, суға батып кеткен. Үш адам құтқарылды, оның ішінде екеуі бала. Күні кеше, жексенбіде Ақбұлақ маңындағы тыйым салынған жерде бір бала суға түсіп жүрген, біздің жедел құтқару жасағының қызметкерімен сол бала құтқарылды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол бала оқиға орнынан қашып кетті», — дейді Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкері Азамат Жұмекешов.

Другие новости

Back to top button