Главное
Шиеліде биология пәнінің мұғалімі әйелінің қолын балтамен шауып тастады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
42 жастағы әйелдің жағдайы ауыр

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауылдардың бірінде мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін ер адам 42 жастағы әйелінің қолын балтамен шауып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Astana.tv арнасының хабарлауынша, әйелдің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жергілікті дәрігерлер санавиация арқылы дәрігерлер шақыртуға мәжбүр болған.
Дереккөзге сүйенсек, әйелдің басында да жарақат бар. Күдікті ретінде ұсталған күйеуі аудандағы мектепте биология пәнінен сабақ берген.
«Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасуда. Өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», — деді Қызылорда облыстық полиция департаменті