Госорганы

Шетелдік инвестиция есебінен 130 мың жұмыс орны ашылады

2022 жылғы 14 Ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен халықаралық корпорацияларды Қазақстанға көшіру бағытында 62 компаниямен жүргізілген жұмыс нәтижесін беріп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасаыр Қайрат Омаров Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін шетелден тікелей тартылатын инвестициялардың көрсеткіштерін алдағы жылдарға оң серпінді сақтай отырып бөлу көзделген. Яғни, 2023-2026 жылдардың болжамды көрсеткіштері 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Жыл басынан бері жалпы сомасы 3,7 млрд доллар болатын үш мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Тағы 5 жоба іске қосылады деп күтілуде», — деді бірінші вице-министр.

Сондай-ақ, ол әлемнің 30-дан астам елінен 850 жобаға 29,75 трлн теңге инвестиция тарту көзделгенін атап өтті.

 

«Осының арқасында 130 мың жұмыс орны құрылады. Қазақстан аумағына ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен халықаралық корпорацияларды көшіру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 62 компания бойынша нақты нәтиже бар», — деді Қайрат Омаров.

Другие новости

Back to top button