Главное

Шерзаттың соты басталды: сот залында не болып жатыр

Шерзатты Полаттың өлімі бойынша сотқа қатысушылар отырыс залына кіріп кеткен. Журналистерді сот қызметкерлері жеке кабинетке кіргізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша резонансты процестің қатысушылары сот ғимаратына келді.

Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың дәлізінде БАҚ өкілдерінің арасынан өту қиынға соғатындай кезек пайда болған. Журналистер мен операторлардың арасынан сотқа қатысушылар отырыс залына өтті.

Кадрларда қаза тапқан Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымов пен прокурорлар көрінеді.

Судья қатысушылардың пікірін ескеріп, қаулы шығарғалы отыр. Ол қаулыға сәйкес сот ашық бола ма жоқ па – сол мәселе шешіледі. Бүгін тек алдын ала тыңдау басталған. Сот ашық болса, алдымен операторлар кіретіні ескертілген. Ulysmedia.kz оқиға орнына ақпарат таратады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол «полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады» деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

Другие новости

Back to top button