ГлавноеГосорганы

Шерзаттың өлімінен кейін аты атала бастаған Хасан Қасымбаев ұсталды – ресми ақпарат

Ел арасында «Хуторские» қылмыстық тобының лидері делінген Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 2 қарашада Қ. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылғы маусымда А. есімді азаматты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілініп отыр. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жолданды», — делінген хабарламада.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Естеріңізге салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екені, оның лидері Хасан Қасымбаев екені туралы қауесет тарай бастады. Алайда Ішкі істер министрлігі Қасымбаевтың күдіктілермен байланысы анықталмағанын, «Хуторские» деген банда да жоқ екенін мәлімдеген.

Хасан Қасымбаевтың өзі де бейнеүндеу жариялап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді.

Другие новости

Back to top button