Главное

Шерзаттың өліміне себепші Абзал Шынасылдың соққысы екеніне көз жетті – прокурор

Шерзат Полаттың сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік айыптаушы қанды оқиға күні болған сотталушылардың әрекетін айтып берді.

«Тараптардың барлық әрекетін зерделей келе, әрбір сотталушының әрекетін айтуға міндеттімін. Әрбір сотталушының әрекетіне нақты тоқталсам», — деді Сәрсенбай.

Ол атағандай, басты фигурант Абзал Шынасылдан 7 рет жауап алынған.

«Зерттеулер көрсеткендей, Шерзаттың өлімі Шынасылдың пышақ соққысынан көз жұмғанын растап отыр. Тәуелсіз сот сарапшысы Тахир Халимназаров Шерзаттың қабырғасына кірген жара 12 см-ге тең. Абзал Шынасыл адам өлтіру бойынша сот алдында тұр. Адам өлтіруді жәбірленушілердің көз алдында өлтіру кезінде оларға жан азабы мен рухани кері әсет тигізуді қасқана жасағанын айтуға болады», — деді Дана Сәрсенбай.

Прокурор сотталушы Шынасыл өз жауаптарын тергеу мен сот кезінде өзгерткеніне де назар аударды.

«Сотталушының кінәсін мойындамай, жауаптарын өткізуге сын көзбен қарауды сұраймын. Сотта Абзал Шынасылдың пышақ соққысы Шерзат өліміне себепші болғанына толық көз жетті», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазір тікелей эфирде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сот отырысының тікелей эфирін «Azattyq Rýhy» youtube арнасынан көре аласыздар.

Другие новости

Back to top button